• Құдсқа қарсы АҚШ-тың жуырдағы әрекетiне Теһран студенттері наразылық шеруін өткізді

Теһран студенттері сионистік режимнің астанасы ретінде басып алынған Құдс қаласын ресми түрде таныған АҚШ президентінің жуырдағы әрекетіне наразылық білдіріп, Теһранда Швейцария елшілігінің алдында жиналды.

Теһран студенттері бұл шеруде «АҚШ-қа өлім!» және «Израильге өлім!» деген ұрандар айтып, АҚШ-тың Израиль режимінің астанасы ретінде Құдс қаласын ресми түрде тануына ашу-ыза мен жиіркеніш білдірді. Теһран студенттері сонымен бірге мәлімдеме жариялап: «Иран ислам революциясының төртінші буына АҚШ-тың жетесіз әрекеттеріне қарсы тұрып, әлемде Израильді жою жолында қадам басады» - деді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен сәрсенбі күні сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ретінде таныған болатын. Бұл әрекет халықтың, мемлекет басшылары мен халықаралық қауымдастықтың жаппай қарсылығы мен реакциясына тап болды.

 

Тегтер

Dec 13, 2017 21:18 Asia/Almaty
Сараптама