• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "Мұсылман елдері Құдсты қорғауда мәлімдеме жариялаумен шектеліп қалмасын. Өз елшіліктерінің жұмыстарын тоқтатып, америкалық тауарларға санкция жариялау арқылы АҚШ президентінің әрекетімен күрессін",- деді.

Ходжат ул-ислам Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "Барша мұсылман елдері АҚШ-қа қарсы әлемдік өшпенділікті көрсетіп, оның бос сандырақ сөз сөйлеп, заңсыз әрекеттер жасауды доғаруы үшін израильдік және америкалық тауарларға тыйым салуы қажет.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты бала өлтіруші әрі озбыр режимнің астанасы ретінде мойындағанда айтқан қатерлі сөздері бұл жалған режимнің әрекеттерін заңдастыру саналады.

БҰҰ мұның алдында бекіткен екі қарарында жауыз Израиль режимінің әрекеттерін заңдастыру кезінде Құдсты палестиналықтарға тиесілі және Израиль тарапынан басып алынған жер деп мәлімдеген болатын» деді. 

 

 

Dec 16, 2017 15:45 Asia/Almaty
Сараптама