• Нахчиван Автономиялық республикасы мәжілісінің төрағасы Иран Сыртқы істер министрімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Иранның Әзірбайжан республикасының әртүрлі аймақтарымен қарым-қатынасын кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Нахчиван Автономиялық республикасы мәжілісінің төрағасы Васиф Талыбовпен Теһрандағы кездесуінде: "Иран мен Әзірбайжан  халқы екі елді өз үйі санап, бір-бірін бөтен сезінбейді. Иран темір жол, жол салу, инфрақұрылымдар, ауылшаруашылық салалары мен кедендік істерді жеңілдету мен электр қуатын өндіру салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейте алады",- деді.

Нахчиван Автономиялық республикасы мәжілісінің төрағасы Иран мен Әзірбайжан, әсіресе Нахчиван Автономиялық республикасы арасындағы қарым-қатынастардың артуына ризалық білдірді.

Нахчиван – 1924 жылдың ақпан айында Автономиялық республика ретінде құрылған Әзірбайжанның бір бөлігі.

 

 

Dec 17, 2017 21:39 Asia/Almaty
Сараптама