• Лариджани: Иран мен Әзірбайжан Республикасының достығы мәңгілік

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы қатынастар тарихының тереңге бойлағанын, екі елдің әрқашан бір-бірінің досы әрі сүйеніші болып қалатынын баса айтты.

Али Лариджани жексенбі күні Теһранда Нахчыван Автономды Республикасы Жоғары Мәжілісінің төрағасы Васиф Талибовпен кездесуінде: "Қазіргі аймақтық жағдай мен тынышсыздықтар аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнату мақсатындағы Иран мен Нахчыван Республикасы арасында саяси-қауіпсіздік саласындағы қатынастардың кеңеюіне себеп болды",- деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы екі елдің Каспий теңізінде мұнай өндірісі саласында көбірек ынтымақтастық жасауы қажеттігін қуаттап: "Екі елдің президенттері осы мәселе жайлы сұхбаттасты. Каспий теңізінің бейбітшілік пен тыныштықтың және кең әріптестіктердің негізіне айналатындығына үміттенемін",- деді.

Нахчыван Автономды Республикасы Жоғары Мәжілісінің төрағасы Васиф Талибов кездесуде Нахчыван Республикасын Әзірбайжан Республикасының территориялық тұтастығы шеңберіндегі үкімет деп атап: "Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы қатынастар достық пен бауырластыққа негізделген. Екі ел арасындағы достық мәңгілік",- деп баса айтып, екі ел арасындағы экономикалық және сауда-саттық қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады.

 

 

Тегтер

Dec 18, 2017 15:12 Asia/Almaty
Сараптама