• Рухани: Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоя алмайды

Иран Ислам Республикасының президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері америкалықтардың бірнеше рет келісімді жоюға талпыныс жасағандарына тоқталып: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу бағытында ештеңе жасай алмайды» деп мәлімдеді.

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда өткен алғашқы азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы отырыста сөйлеген сөзінде: «Егер бір мемлекет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы болса, АҚШ президенті Дональд Трампқа үміт артпасын. Себебі, ол сіздер үшін ештеңе істей алмайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы өз күшінде қалады. Иран өз жолын жалғастырады»- деп қуаттады.

Дональд Трамп 2017 жылдың қазан айында Иран мен «алтылық» тобы арасында 2015 жылы жасалған ядролық келісімге Теһранның беріктігін растаудан бас тартқан болатын.

Осы шешімнен кейін Иранға қарсы санкцияларды жаңғырту мәселесіне байланысты АҚШ Конгресінің ықтиярына 60 күн берілді. Алайда АҚШ Конгресі белгіленген уақыттың өтуімен мәселені қайтадан Трампқа жөнелтті.  

Трамп 2018 жылдың қаңтар айының орта шенінде Иранның ядролық санкцияларына қатысты шешім қабылдауы тиіс.

 

Тегтер

Dec 19, 2017 21:57 Asia/Almaty
Сараптама