• Рухани: Трамптың қателігі мұсылмандардың бірлігіне себеп болды

ИИР Президенті сейсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау қателігін мұсылмандардың Құдс пен Палестина тақырыбына қатысты одан сайын біріге түсуіне себеп болғанын қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани Иранның Мәдени революциясы жоғары кеңесінің отырысында: "Трамптың бұл шешімі өткен жылдары аймақта лаңкестік мәселесі пайда болғаннан бері екінші орында қалған Құдс мәселесінің өзінің негізгі орнына, яғни ислам әлемінің басты мәселесіне оралуына себеп болды. Қазіргі таңда интифаза мен Палестина халқының сионистік режимге қарсы жаңа қозғалысына куә болып отырмыз",- деді.

Трамп желтоқсанның 6 күні аймақ пен әлемнің көптеген қарсылықтарына қарамастан Вашингтонның Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми қабылдайтынын жариялады. Трамп сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаментінен АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа көшіруге жағдай жасауды талап етті.

 

 

Dec 20, 2017 16:27 Asia/Almaty
Сараптама