• Теһранда жер сілкінісі болды

Сәрсенбі күні кешке Теһранда Рихтер бағамы бойынша 5,2 баллдық жер сілкінісі болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  жер сілкінісі Иранның солтүстігіндегі Гилян облысында, Теһран облысының батысындағы Альборз бен Қазвин облыстарында, Теһран облысының оңтүстігіндегі Құм облысында да сезілген.

Жер сілкінісінің ошағы Альборз облысының орталығы Карадж қаласының оңтүстігінен 10 шақырым жерде, ал Теһран қаласының батысынан 40 шақырым жерде болған. Зілзала Иран уақыты бойынша сағат 23:27 минутта 7 км тереңдікте орын алды.

Жер сілкінісінің негізгі ошағы болған Малард ауданының әкімі Бахман Хатиби зілзаладан қорқып, қашу салдарынан ауданда бір аяғы ауыр әйелдің қаза тауып, 20 адамның жараланғанын хабарлады.

Теһран облысының әкімі Мұхаммад Хосейн Моғими бейсенбі күні таңертең Теһранда жер сілкінісі орын алғаннан кейін  бүкіл облыс бойынша барлық құтқару қызметтерінің дайын жағдайға келтірілгенін хабарлады.

 

Тегтер

Dec 21, 2017 16:24 Asia/Almaty
Сараптама