• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері ИИР-дың Йеменге зымырандық көмегіне негізделген АҚШ-тың уәжін негізсіз деп атады.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "Сарапшылардың айтуынша, Йемендегі зымырандар Иранда шықпаған. Ираннан Йеменге зымыран тасымалданғанының ешқандай белгісі мен дәлелі жоқ. Аймақта соғыс жалғасып, Йемен бомбаның астында қалуы үшін АҚШ Сауд әулетіне миллиардтаған доллар көлемінде қару сатып жатыр. Бірақ, ешбір мемлекет наразылық білдірмейді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы әрекеттерінің мақсаты бұл елдің аймақтағы жеңілістерін жасыру болып табылады",- деп баса айтты.

Теһран жұма намазының құтпагері Дональд Трамптың АҚШ халқын қорлағанын айтып: "АҚШ елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіру туралы шешімді жүзеге асыру мүмкін емес.

АҚШ әрдайым исламға қарсы әрекет етеді. Бұл елдің ДАИШ лаңкестік тобын құру үшін  Сауд Арабиясымен одақтасуы ислам дұшпандарының қастандықтарының жеңіліске ұшырауына соқтырды",- деді.

 

 

Dec 23, 2017 15:40 Asia/Almaty
Сараптама