• Рухани: Лаңкестер аймақтағы мұсылмандар мен христиандардың тағдырын байланыстырды

ИИР президенті хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с) тұлғалық бейнесі мен тағылымдарының адамдарды бейбітшілік, тыныштық пен бейбіт қатар өмір сүру жолына түсіретіндігіне үміт білдірді.

Хасан Рухани жексенбі күні кешке рақымшылық пен бақыт пайғамбары хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с) мәуліті мен жаңа жыл қарсаңында армяндық шәһид Жорж Кешиш Арутюнның отбасымен кездесуінде: "Иран жерінде барлық діндер, мазхабтар мен түрлі тайпалар шаттық пен қайғы-қасіретте бір-бірінің жанынан табылады. Иран халқы әрдайым бір-бірінің жанынан табылған және табылады",- деп қуаттады.

Рухани сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы христиандардың жағдайына тоқталып: "Христиандар Ирак, Сирия мен Ливанда лаңкестердің кесірінен көп зиян шекті. Мұсылмандар да дәл осындай жағдайға тап болды.

Лаңкестер аймақтағы мұсылмандар мен христиандардың тағдырын бір-бірімен тығыз байланыстырды. Сондықтан мұндай жағдайда бұрынғыдан бетер бір-бірімізге көмек көрсеткен жөн",- деді.

Жорж Кешиш Арутюн 1988 жылы Ирактың Иранға қарсы таңылған соғысы кезінде Иранның батысында шәһид болған.

 

 

Тегтер

Dec 25, 2017 15:03 Asia/Almaty
Сараптама