• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ президентінің Құдсқа қатысты шешімі мен оны сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау АҚШ-тың жойылуына жеткізеді",- деді.

Аятолла Мұхаммад Али Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ президенті Дональд Трамптың Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау әрекетіне тоқталып: "Трамптың билігі құрдымға кетіп барады. Оның Құдсқа қарсы әрекеті одақтастары тарапынан сынға алынуымен қоса, БҰҰ-ның наразылығын тудырды",- деді.

Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы басшыларының Таяу Шығыста 7 триллион доллар жаратқанына сілтеме жасап: "АҚШ мұндай қыруар қаражат жұмсау арқылы исламға, Иран мен әлемнің азаттық сүйгіш халқына соққы беруді көздеді. Алайда соңында өзі жеңіліс тапты",- деді.

Аятолла Мовахеди Кермани Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарын сынға алып, йемендіктердің апатты жағдайына сілтеме жасап: "Сауд Арабиясы мұсылмандық уәждерімен Йеменді қасапханаға айналдырды. Сауд әулеті режимі қантөгіс пен адам өлтіруді доғаруы тиіс",- деді.

 

 

Dec 30, 2017 16:57 Asia/Almaty
Сараптама