• Дей айының тоғызы күнгі ерлікті ұлықтау рәсімінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Исламдық Иранның жер-жеріндегі х.ш.ж.с.б 1388 жылғы дей айының тоғызы күнгі ерлікті ұлықтау рәсіміне қатысушылар қасиетті ислам жүйесіне қарсы жаңа үстемшіл-сионистік бүліктермен бар күшімен күресу үшін өздерінің толық дайын екендігі туралы мәлімдеме жариялады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мәлімдемеде: "Дей айының тоғызыншы жұлдызы ислам революциясы жетекшісінің даналығының арқасында Ислам революциясына қарсы ең ірі және ең күрделі бүліктің залалсыздандырылып, бүлікшілер оқшауланған халық, діни жетекшінің арқасындағы ұлттық бірлік, діндарлық, көрегендік, дұшпанды тану, өз міндетін түсіну мен дер уақытында амал-әрекет етуге негізделген ислам жүйесінің қуаты көрініс тапқан күн саналады",- деп жазылған.

Сондай-ақ бұл мәлімдемеде Иранның жауапты тұлғаларының халықтың әл-ауқатына қатысты мәселені шешуде талпыныс жасау қажеттігі қуатталып: "Ислам революциясына қарсы және АҚШ, Ұлыбритания мен Құдсты басып алушы режимнің барлау қызметтерімен бір бағытта  бос әрі жалған сылтаулармен ұйымдастырылған кез келген бүлік жеңіліс табады",- деп жазылды.

Исламдық Иранның жер-жеріндегі шамси жыл санағы бойынша 1388 жылғы дей айының тоғызы – "Алланың күні" аталған тарихи күнгі ерлікті ұлықтау рәсіміне қатысушылар Иранның жауапты тұлғаларынан қасиетті ислам жүйесінің бұрынғыдан бетер өркендеуі және АҚШ-тың зұлымдық санкциялары мен жаңа бүліктерімен күресу қабілетін арттыру үшін бар күштерін салуды сұрады.

 

 

Dec 30, 2017 17:03 Asia/Almaty
Сараптама