• Аятолла Араки: АҚШ-ның мақсаты - Иран халқының жігерін мұқалту

Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы АҚШ-ның мақсатын Иранның ішкі істеріне араласып, Иран халқының жігерін мұқалту деп атады .

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметіне сәйкес, Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки сенбі күні Теһранда имам Хомейни мешітінде 9-ші дей күнгі ерлікті еске алу рәсімінде: «Дұшпандар Иран халқының жігеріне қарсы қастандықтары мен айла-шарғылары және арандатушы әрекеттерінің зиян келтіре алмайтынын білуі тиіс. Иран халқының арандатушылықтарға қарсы мыңдаған жыл қарсыласу тәжірибесі бар. Иран халқы АҚШ-на да қарсы тұрып, дұшпанның Иран Ислам Республикасына қарсы қолсұғушылық жасаудағы үмітін үзеді» деді.
Иран Ислам Республикасының ұлы әрі хабардар халқы бүгін «Көрегендік және үмбеттің велаятқа адалдығына ант беру күні» аталған 1388 жылдың дей айының тоғызы – мәңгілік және тарихи ерлік күнінің жылдығына ауқымды қатысуы және хабардарлығымен ислам революциясының асқақ армандарын тағы жаңғыртты.   
 

 

Dec 30, 2017 23:13 Asia/Almaty
Сараптама