• Халықтық наразылықтар – экономикалық қиыншылықтардың айнасы

Бейсенбі мен жұма күндері Иранның кейбір қалаларында кейбір тауарлардың қымбатшылығы мен тұрмыс жағдайына наразылық білдірген және қаражаттарынан айырылған адамдардың жиындары өтті.

Кемшіліктер пен қиындықтарды баяндау халықтың құқығы екендігі күмәнсіз. Ол қоғамның динамикасынан хабар береді. Еркін ақпараттық кеңістік пен наразылықтарды білдіру үшін заңды жиындар өткізу де қоғамның негізгі құқықтарының бірі.

Осы арада екі мәселе бір-бірінен ажыратылып алуы керек: біріншісі – тұрмыстық қиындықтар жайлы пікір айту, қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының экономикалық тапшылықтарына қатысты наразылық білдіруі және солардың орындалуын үкімет пен  жауапты басшылардан талап етуі;

екінші мәселе – сол оқиғаларға сырттан қарау. Мұны өткен екі күні Ақ үй мен АҚШ-тың Өкілдер палатасы тарапынан жарияланған мәлімдемелерден байқадық.

Иран халқының қас жауларының «Мұнафықтар» тобына қолдау көрсетуінен бастап Ақ үйдің мәлімдеме жариялауына дейінгі әрекеттері қандай мағына білдіреді. АҚШ Конгресінің республикашыл сенаторы әрі Иранға қарсы санкциялар жобасының негізгі жақтаушысы Том Котин Конгресте осы жиындарға тоқталып, өз елінің басшыларынан Ирандағы бүлікке қолдау көрсетуді сұрады.

Осындай ұстанымдар мен көзқарастар тізбегі бөгде елдердің ақпарат құралдары тарапынан жылдам қолға алынып, жиындардың талабын саяси астарға ие, әсіресе жүйенің негізін нысанаға алған деп көрсетуге талпыныс жасалып жатыр.

Экономикалық қиыншылықтар Иранға ғана тән мәселе емес. Өйткені, қазіргі таңда Еуропа мен Америкадағы ірі экономикаға ие елдердің көбі осындай қиындықтардан зардап шегіп, өздерінің жарқын экономикалық болашағынан күдер үзіп отыр.

Шындық мынада: Иранның экономикасы да кейбір қиыншылықтардан зардап шегуде. Экономикалық мәселелердің күрделілігі қоғамдағы адамдар өз қиыншылықтарын баяндамауы керек, уақыттың өтуін күтуі керек деген сөз емес. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай мәселелерді шешу бағдарлама негізіндегі амал-шаралардың жасалуын қажет етеді. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бір жыл бұрын х.ш.ж.с.б. 1395 жылдың шәһривар айында ел Президенті мен үкімет мүшелерімен кездесуінде: "Бүгінде экономикалық қиыншылықтар мен түйткілдер – елдің негізгі мәселелері. Оларды шешу керек. Шешудің жолы қарсыласу экономикасы саясаттарын нақты әрі дұрыс орындауға байланысты",-деген болатын. Ислам революциясының жетекшісі 1395 жылдың шәһривар айының 4 күні үкімет апталығында экономика мен халықтың тұрмыс жағдайын елдің ең маңызды мәселесі деп атап, үкіметке маңызды кеңес беріп: "Қарсы дауысты естуге төзімді болыңыздар. Ішкі әлеует саналатын шыдамдылықты жоғарылату арқылы сыншыларды қабылдап, олардың пікірлерін пайдаланыңыздар",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи кейбір статистикалық мәліметтерге сүйеніп: "Экономика саласында ұсынылған статистикалық мәліметтер ғылымға негізделген. Бұл статистика толық әрі барлық жерде ел мен халық өмірінің шынайы жағдайын көрсете алмайды. Сондықтан қиындықтарды анықтап, шешу керек. Осы статистикалық мәліметтер бойынша, инфляция ондаған пайыздан, оннан төмен пайызға жетті. Алайда халықтың сатып алу қабілеті мен ұлттық валютаның құны тура осы деңгейде жоғарылады ма?"-деп сұрады. Бұл шындықтар бір жерде қателіктің барын көрсетеді. Соны анықтап, шешу керек. Хазірет экономика саласында банктер, инвестиция, қолма-қол ақша айналымының өсуі мен контрабанда мәселесін маңызды деп атап, экономикалық жемқорларға қатаң қатынас көрсетуді айрықша көңіл аударуды қажет ететін тақырыптардың бірі деп ескертті.

Кейбір үкімет басшыларының халықтың экономикалық және тұрмыстық қиыншылықтарын ресми түрде танымауы үлкен қателік. Халықтың қиындықтарын жоққа шығарып, тақырыпты жабу ең қысқа жол болуы мүмкін. Алайда оның шешім жолы еместігі айқын.

 

Dec 31, 2017 17:27 Asia/Almaty
Сараптама