• Иран халқының дұшпандары халықты қолдайтындықтары туралы уәж айтты

Иранның дұшпандары, әсіресе өз елдерінде еш орындары жоқтар соңғы бірнеше күнде Иран халқының құқықтарын қолдайтындықтары туралы уәж айтты.

Иранның Ішкі министрі Абдолреза Рахмани Фазли жексенбі күні Теһрандағы облыс жоғары кеңесінің бесінші жиналысының бірінші күні  кейбір мұрсат талап етушілер мен арандатушылардың әрекеттеріне реакция білдіріп: «Басқыншы сионистік режим мен аймақтағы оның одақтастары мен АҚШ-тың Иран халқын қолдау туралы уәждері мен олардың Иранда бүлік жасауға азғырушыларға риза болуы Ирандағы кейбір оқиғалардың себептерін анықтады»,- деді.

Иранның Ішкі істер министрі қоғамды тынышсыздықтарға итермелеуге рұқсат берілмейтінін қуаттап: «Дұшпандар Иран халқын таныған жоқ. Халықтың талаптарына жауап беріліп, барлық істер өз қалпына келеді. Қоғамдық мүлікті қиратып, тәртіпсіздік ұйымдастырушылар өз әрекеттеріне жауап беріп, шығындарын өтеуі керек»,- деп қуаттады.

 

 

Dec 31, 2017 22:18 Asia/Almaty
Сараптама