• Ирандағы наразылық жиындары мен АҚШ-тың қолдауы – өткен қателіктерді қайталау

Бірнеше күннен бері Иранның кейбір қалаларында экономикалық қиыншылықтар, қаржы мекемелерінен зардап шеккен адамдар жағдайының шешілмегендігіне, кейбір тауарлардың қымбаттығы мен үкімет бақылауының әлсіздігіне наразылық білдіріп жиындар өткізіп жатыр.

Осындай жиындардың кейбіреуі алдын ала жоспарланған амалда бүлікке айналды. Оппортунистер бірнеше мемлекеттік кеңсе мен банк бөлімшелеріне шабуыл жасап, қоғамдық орындарды қиратты.

Иранның Ішкі істер министрі Абдулреза Рахмани жексенбі күні Теһранда облыстардың жоғары кеңесінің бесінші кезеңінің алғашқы жиналысында кейбір оппортунистік пен бүлік шығарушылыққа реакциясында қоғамда тынышсыздық пен толқыныстардың орын алуына жол берілмейтінін қуаттап: "Сионистік режим, аймақтағы бағынышты елдер мен АҚШ-тың қолдауы және олардың Иранда бүліктің шыққанына қуануы Иранда болып жатқан кейбір оқиғалардың себебін түсіндіріп береді",-деді.

Қолдаулардың жалғасында Ақ үйдің ақпарат хатшысы Сара Сандерс жексенбі күні таңертең Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ-тың бүлікшілердің жанынан табылатынын айтып: "АҚШ-тың Ирандағы басып-жаншуларға көз жұма қарайтын күндері аяқталды",-деп қоқан-лоққы жасады.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті өткір мәлімдемесінде Дональд Трамптың бірнеше ай бұрын Иранға қарсы айтқан уәждерін қайталап, Иранның негізгі экспортының "қатігездік, қантөгіс пен бейберекеттік" екенін айтты. Бұл мәлімдемеде  Вашингтон барлық халықтарды ашық түрде Иран халқын қолдауға шақырды. Ал осыдан біраз бұрын Трамптың өзі бұл халықты "лаңкес" деп атаған болатын.  

Иран халқы мұндай үдерістерді бұдан бұрын да тәжірибеден өткізгендіктен оның тамырларын жақсы таниды. 

АҚШ жоспарларының мән-мағынасы осы елдің Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның жуырдағы сөздерінен әшкере болды. Ол бірнеше күн бұрын "New York Times" газетінде жарияланған сөзінде: "Иранмен ядролық келісім осыдан былай біздің Теһранға қарсы саясатымыздың басты негізі емес. Біз енді Иран тарапынан төнген барлық қауіп-қатермен күресеміз. Бұл қатынастың бір бөлігіне Таяу Шығыстағы серіктестерімізбен қайтадан одақтас жатады. Біз аймақты тұрақсыздандыратын әрекеттермен күресу үшін шара қолданамыз",-деді.

Қазір Ақ үй Иранмен күресу үшін эр-Рияд және Тель-Авивпен ортақ стратегиялық ынтымақтастық жобасы аясында Иранда бүлік шығаруды көздеп отыр. Сол арқылы Иранды екі жақтан: біріншіден, елдің ішінде, екіншіден аймақтық деңгейде ауқымды дағдарысқа ұшыратуды мақсат тұтуда.

1979 жылы Иран Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін  АҚШ жүйені құлату үшін ауқымды шаралар атқарды. Бұл ел Иранға соғыс таңып, Саддамды жан-жақты қолдаудан бастап, санкциялар салып, ядролық бағдарламаны қауіп деп көрсетіп, Иранның қорғаныс қабілетін қаралауға дейінгі ешбір қастандықтан бас тартпады. Енді АҚШ Иранға соққы беру үшін жаңа жоба-жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Трамп үкіметінің қайраткерлері Иранның қатынасында шынайы өзгеріс тудыру үшін оның жүйесін ауыстыру керек санайды. АҚШ-тың кейбір басшылары, соның ішінде Рекс Тиллерсон осыдан бұрын Иранда билікті ауыстыру туралы жобаларды көтерген болатын. Мұның барлығы АҚШ-тың Иранға қарсы қандай мақсаттарды көздейтінін көрсетеді.

"New York Times" газеті жексенбі күні Трамптың Иранда соңғы бірнеше күнде орын алған оқиғаларды қолдайтынына тоқталып: "Бұл наразылықтар жайлы және олардың неге әкеліп соқтыратыны жайлы әзірге ештеңе мәлім емес",-деп жазды. 

"New York Times" газеті Трампқа арнап: "Иран халқы өз үкіметі жайлы не ойласа да жуырда бұл елге экономикалық жеңілдіктер беруге және азаматтарының АҚШ-қа кіруіне қарсылық білдірген АҚШ Президентінің олардың наразылық дауысына жақтасқанын қаламайды".-деді.

 

Jan 01, 2018 16:33 Asia/Almaty
Сараптама