• Бригада генералы Хатами: Дұшпандар Иранда бейберекеттік пен тұрақсыздық қалыптастыруды көздеуде

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Иранның бірқатар қалаларында өткен арандатушы және бүлік тудыруды мақсат еткен с-шараларға реакция көрсетіп: «Әлемдік үстемшілдер мен дұшпандар Иранда бейберекеттік пен тұрақсыздық қалыптастыруды көздеуде» деді.

«IRNA» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатами дүйсенбі күні: «Қазіргі жағдайда Иран Ислам Республикасының бүкіл қас дұшпандары халықты арандатушылыққа, шеруге шығуға және бейберекеттік орнатуға шақыруға талпынады. Ауызбіршілік пен ұлттық бірлік арқылы өзгелердің қастандықтары мен арандатушылықтарын сәтсіздікке ұшырату қажет» деп мәлімдеді.

Сонымен бірге Иранның Ислам Кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алауэддин Бруджерди АҚШ-ның Иранда қауіпті жағдай орнатуға тырысатынын айтып: «АҚШ пен сионистік режимнің саясаты өз мақсаттарына қол жеткізу үшін Ислам әлемінде дүрбелең мен бейберекеттік орнату болып табылады» деді.

 

Jan 02, 2018 10:08 Asia/Almaty
Сараптама