• Иранның Қауіпсіздік министрлігі: Тәртіп бұзушылардың кейбіреуі анықталып, қамауға алынды

Иранның Қауіпсіздік министрлігі кеше өткен күндердегі тәртіп бұзу жайттарының азғырушыларының кейбіреуінің анықталып, қамауға алынғаны туралы хабарлады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Қауіпсіздік министрлігі өз мәлімдемесінде қырағылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, бүлік тудыруды мақсат етушілерден аулақ болған Иран халқына алғысын айтты. Иран Қарулы Күштерінің ақпарат хатшысы Масуд Джазаери қоғамдық мүлікке шығын келтірген тәртіп бұзушылық туралы: "АҚШ режимінің ең жоғары басшысы мен тағы бірнеше үкіметтер мен үстемшіл ақпарат құралдарының тәртіп бұзушыларды қолдауы АҚШ-тың Иранда жаңа бүлік ұйымдастыру мақсатын жоспарлаған бағдарламасын көрсетеді. Бірақ Ислам революциясының дұшпандары сәтсіздіктен басқа еш нәрсеге жетпейді. АҚШ пен сионизмнің Иранға қарсы әрекеттері «үлкен шайтанның» сәтсіздікке ұшырауының жаңғырығынан басқа еш нәтиже бермейді. ИИР тиісті уақытында өзінің жауап қайтару құқығын пайдаланады",- деп қуаттады.

 

 

Тегтер

Jan 02, 2018 16:20 Asia/Almaty
Сараптама