• Велаяти: Иран америкалықтар мен сионистердің сазайын берді

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "Өткен үш жылда Иран қарсыласу қозғалысының туын көтеруші ретінде америкалықтардың сазайын тартқызды»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "Теһраннан басталып, Бағдад, Дамаск пен Палестинаға дейін жалғасқан қарсыласу шебі АҚШ пен сионистік режим мен олардың аймақтағы одақтастарын жеңеді",- деп баса айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі "АҚШ аймақ істеріне араласуды түстерінде де көре алмайды. Иран – әлемнің ең ықпалды мемлекеттерінің бірі. Біздің елдің аймақтағы ықпалы күннен күнге артуда",- деп қуаттады.

Велаяти Ирандағы тәртіп бұзу жайттарына тоқталып, тәртіп бұзушыларды Иранның қарсыластары мен дұшпандарының өкілдері деп атады.     

 

   

 

Jan 03, 2018 17:12 Asia/Almaty
Сараптама