• Иран халқы Ислам революциясы дұшпандарының жаңа қастандығына қарсы шеруге шықты

Иран халқы бірқатар қалаларда кең ауқымды шерулер өткізіп, қоғамдық мүлікті жоюдағы дұшпандар мен бүлік тудырушылардың жаңа қастандықтарына қатысты ашу-ыза білдірді.

Иран халқы сәрсенбі күні бірқатар қалаларда, соның ішінде Иранның батысындағы Илам ауданының Дехларан қаласында, Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз және Изэ қалаларында, Иранның батысындағы Лорестан, Хамадан және Керманшах қалаларында, Теһранның батысындағы Алборз облысында, Исфахан қаласы мен Иранның орталық облысында өткізген кең ауқымды шерулерде дұшпандардың жаңа қастандықтары мен олар жасамақ болған бүлікті айыптап, Иран ислам революциясының негізін қалаушы, имам Хомеинидің армандарымен мен Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің келісімін жаңғыртты.

Шерушілер сонымен бірге «АҚШ-қа өлім!» және «Израильге өлім!» ұрандарымен Иранның кейбір қалаларында орын алған бейберекеттіктерді тоқтатуды сұрады.

Шерушілер Иран билігінен де экономика саласындағы жемқорлықпен табанды түрде күресіп, халықтың экономикалық қиындықтарын, соның ішінде жұмыссыздық мәселесін шынайы түрде шешуді сұрады.

 

Тегтер

Jan 03, 2018 23:07 Asia/Almaty
Сараптама