• Рухани: АҚШ әлемдік міндеттемелері мен

ИИР Президенті: "АҚШ халықаралық және ішкі істерге араласуы тұрғысынан Иран халқынан жеңілді",- деді.

Хасан Рухани  жексенбі күні Теһранда Халықаралық Фараби 9-шы фестивалінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Америкалықтар халықаралық міндеттемелері мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуы және Иранның ішкі істеріне араласуы  тұрғысынан  Иран халқының алдында үлкен сәтсіздікке ұшырап, әлемдік қоғамдық пікір АҚШ-қа қарсы тұрды",- деді.

Иран Президенті америкалықтардың үстемшілдігі мен диктатурасымен өзінжоғары санауымен әлемдік қоғамдық пікірді жаныштай алмағанына тоқталып: "Бұл АҚШ үшін үлкен сәтсіздік, Иран халқы үшін үлкен жеңіс болды. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының арқасында еш уақытта жойылмайтын жетістіктерге қол жеткізді",- деп баса айтты.

Хасан Рухани Иранның еш уақытта ядролық қару шығаруды мақсат етпейтінін және бұл тақырыптың келіссөздер мен барлық зерттеулерде  расталғанын қуаттап: "Барлық мемлекеттер БҰҰ-ның қарарында Иранның зерттеу мен дамуын жалғастыру құқығын мойындады. Бұл еш уақытта жойылмайтын жеңіс",- деп мәлімдеді.

Иран Президенті сонымен бірге кейбір үкіметтердің Таяу Шығыс аймағында дағдарыс тудыру мен бүлікке итермелеуді көздейтіндіктеріне сілтеме жсасап: "Таяу Шығысты бейберекеттікке итермелегендер қоғамдық мәселелерді дұрыс түсінбей, өнеркәсіп пен технологияны қоғамды дағдарысқа тіреу үшін  пайдаланды",- деді.

 

 

Jan 14, 2018 19:18 Asia/Almaty
Сараптама