• Генерал-майор Бағери: Иран Қарулы күштері қоқан-лоққылардың кез келген түріне тойтарыс беруге дайын

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы ел армиясының қоқан-лоққылардың кез келген түріне тойтарыс беруге дайын екенін қуаттады.

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бағери сәрсенбі күні Иран қарулы күштерінің аса зор жауапкершілікпен және тегеурінді тежеу сипатында жасақталғанын, қоқан-лоққыларға төтеп беріп, елдің қауіпсіздігін сақтауда маңызды міндетке ие екенін айтып: "Иран үстемшіл әлемнің жоспары мен амалын бұзды",-деді.

Генерал-майор Бағери ИИР-ның аймақ халықтарын үстемшілдердің қыспағынан құтқаратын бірден-бір ел екенін айтып: "Иран Ислам революциясы өзінің армандары мен мақсаттарына қарай қарқындап қадам басуда",-деді. 

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы Иран Ислам революциясының Таяу Шығыстың оңтүстігіндегі өз қауіпсіздігі мен абырой-айбынын сақтаумен қоса, қуат көзімен қамтамасыз ететін ең маңызды ел ретіндегі рөлін өте жақсы орындағанын айтып: "Әлемдік үстемшілдер Иранға көп қатер төндірді. Сол қауіптер ИИР үшін мұрсатқа айналды",-деді.

 

Jan 16, 2018 22:06 Asia/Almaty
Сараптама