• Иранның Мәдениет министрі: Иранның музыкасы – халықтың ұлттық қарсыласуының символы

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі иарандық музыканы Иранның ұлттық болмысының танылған нышаны деп атап: «Иран тарихтың шарықтау мен құлдырауларға толы кезеңдерінде музыкамен өз ғұмырын жалғастырған",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Аббас Салехи сенбі күні кешке Теһранда "Фаджр" халықаралық музыка фестивалінің 33-ші кезеңінің жабылу рәсімінде: "Музыка фестивалі – ирандық және әлемдік музыканттардың халықаралық деңгейде диалог өткізуі үшін берілген мұрсат. Бұл мүмкіндікті нығайтып, оның осал тұстарын да нығайту жолында пайдалану керек",-деді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі ирандық музыканы қарсыласу үлгісі мен нышаны деп атап: "Шын мәнінде ирандық музыкалық сарын осы ел халқының жанын тербеп, ауыр күндердің қызығы мен шыжығында, әсіресе Қасиетті Қорғаныс жылдарында әрдайым халықпен бірге болды. Ирандық музыка өткеннен де көбірек осы байтақ жердің ұлылары дәріптеп өткен ұлт, адамгершілік, ирандық болмыс пен адами құндылықтардың көрсеткіші бола алады",-деді.

 

Jan 21, 2018 17:53 Asia/Almaty
Сараптама