• Рухани: Иран біртұтас Иракты қолдайды

ИИР Президенті Иранның біртұтас Иракты қолдайтынын қуаттап: "Егемендікті қорғап, аймақтық шекараларды нығайту – барлық мемлекеттер мен аймақта өмір сүретін халықтардың міндеті. Трансаймақтық мемлекеттер мен күштердің аймақ халқының жанашыры болмайтын анық",- деді.

Хасан Рухани Ирактың Күрдістан аймағының жергілікті кеңсесінің басшысы Начирван Барзанимен Теһрандағы кездесуінде Иран мен Ирак күрдтерінің тарихи қарым-қатынастарына тоқталып: "Ирактың Күрдістан аймағы бұл елдің маңызды бөлімі ретінде Ирактың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің артуында маңызды рөл атқарады. Кез келген сылтаумен аймақ мемлекеттерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін әлсіретуге рұқсат беруге болмайды",- деді.

ИИР Президенті кейбір мемлекеттердің аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығына нұқсан келтірудегі рөліне сілтеме жасап: «Аймақ елдерінің барлық халықтары, соның ішінде Ирак күрдтері Конституция мен территориялық тұтастық негіздері бойынша өздерінің заңды құқықтарарына қол жеткізуі керек",- деді.

Рухани сондай-ақ ирандық инвесторлардың Ирактың Күрдістан аймағын дамыту жобаларына қатысуға және Ирак күрдтерінің Иран нарығында белсенділік танытуына қолдау көрсетуге дайын екендігін қуаттап: "Иран Ирактың дамып, өркендегенін қолдайды, өйткені, бұл аймақ халықтарының мүдделеріне сай",- деді.

Ирактың Күрдістан аймағының жергілікті кеңсесінің басшысы Начирван Барзани де Иран мен Ирак шекараларының достық пен даму шекаралары болуы керектігін қуаттап: "Ирактың Күрдістан аймағы ешкімге бұл аймақты ИИР-на қауіп-қатер тудыру үшін  пайдалануға рұқсат бермейді. Бұл Эрбильдің "қызыл сызықтарының бірі",- деді.

 

 

Тегтер

Jan 22, 2018 09:08 Asia/Almaty
Сараптама