• Рухани: Үкімет мәселелерді шешіп, елді дамытуға күш салады

ИИР Президенті үкіметтің мәселелерді шешіп, елдің әртүрлі салаларын дамытуға күш салатынын қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани  дүйсенбі күні елдің 12-ші үкіметінің жұмысқа кірісуінен кейінгі халықпен  теледидар арқылы өткізген екінші тікелей сұхбатында: "Президент халықтың талап-тілектерін іске асыруға қатысты уәделеріне табанды",- деді.

Иран Президенті өткен бірнеше күнгі валюта бағамының ауытқуын уақытша деп қуаттап: "Елде валюталық қор тапшы деген сөз – негізсіз. Үкімет халыққа елді қажет валютамен қамтамасыз ететіні туралы уәде береді. Құдайға шүкір, елдің валюталық кірісі валюталық қаржысынан анағұрлым артық. Болжамдар бойынша 1396 жылдың соңына дейін Иранның валюталық кірісі 90 миллиард доллардан асады",- деді.

Иран Президенті елдің санкциялар кезінен қалған проблемаларының жалғасуына сілтеме жасап: "Кейбір мәселелер шешілді, кейбіреуі қалды. Мәселен, аймақ пен әлем банктері арасындағы қарым-қатынасымыз осы уақытқа дейін ойдағы деңгейге жеткен жоқ",- деді.

 

 

Jan 23, 2018 14:55 Asia/Almaty
Сараптама