• Ноубахт: Иранның қорғаныстық әлеуеті талқыға салынбайды

ИИР үкіметінің ақпарат өкілі Иранның қорғаныстық әлеуетінің талқыға салынбайтынын қуаттап: "Ешкімге ИИР-ның қорғаныс және зымырандық мәселелеріне араласуға рұқсат берілмейді",-деді.

Мұхаммад Бағер Ноубахт Францияның Сыртқы істер министрі  Жан-Ив ле Дрианның Париждің Иранмен зымырандық бағдарлама жөнінде диалогты бастағаны туралы сөзіне реакциясында: "ИИР ешбір елмен  зымырандық мәселе жөнінде келіссөз жүргізген жоқ, жүргізбейді де. Қорғаныс қабілетін нығайту – ИИР-ның заңды құқығы",-деп баса айтты.

ИИР басшылары елдің қорғаныстық бағдарламаларын, соның ішінде зымырандық бағдарламасын "қызыл сызық" деп сан рет жариялады. Иранның қорғаныс және зымырандық бағдарлама саласындағы саясаттары елді қорғауға және аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы және қауіпсіздігіне көмектесуге бағытталған.

Вашингтон мен оның кейбір одақтастары әрдайым ИИР-ның қорғаныс бағдарламаларының тоқтатылуына мүдделік танытып келеді.

 

Jan 23, 2018 21:52 Asia/Almaty
Сараптама