• Лариджани: Сионистік режим ислам қоғамдарында қарсыласу идеологиясының таралуынан қорқады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы қарсыласудың сионистік режимге төтеп берудің жалғыз тиімді жолы екенін қуаттап: "Құдсты басып алушы режим ислам қоғамдарында қарсыласу идеологиясының таралуынан қорқады",-деп еске салды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы қарсыласудың сионистік режимге төтеп берудің жалғыз тиімді жолы екенін қуаттап: "Құдсты басып алушы режим ислам қоғамдарында қарсыласу идеологиясының таралуынан қорқады",-деді.

Әли Лариджани Теһранда "Газа – қарсыласу символы" атты сегізінші форумда сөйлеген сөзінде: "Палестинаның жапа шеккен халқын қорғау – мұсылмандардың міндеті",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сионистік режимнің қылмыстары, соның ішінде  Иранның атом саласындағы ғалымдарына террор жасауына тоқталып: "Израиль – аймақтағы жауыз режим. Бұл режим соңғы жылдары Иранның атом саласындағы мамандары Мұстафа Ахмади Раушан, Масуд Әли Мұхаммади, Маджид Шахрияри мен Дариуш Резаинежадты шәһид етті.

Осы жауыз режимге қарсы тұру керек",-деді.

 

Jan 23, 2018 22:22 Asia/Almaty
Сараптама