• Джаһангири: Жас буын – Иранның дамуы үшін ең үлкен мүмкіндік

ИИР-ның вице-президенті жастар мен жастардың мәселесін бүкіл әлем үшін басымдылыққа ие әрі өте маңызды деп атап, сол себепті жастықты мүмкіндік санау керек деп қуаттады.

Исхақ Джаһангири бүгін сенбі күні Ширазда өткен халықтық ұйымдардың ұлттық ассамблеясы конференциясында сөйлеген сөзінде: «Мұнайға сүйенген экономиканың дәуірі аяқталды. Экономикалары жастарының ақылдары мен қабілеттеріне сүйенген елдер табысты. Жеке сектор мен шетелдік инвестиция Иранның экономикасына енуі керек. Ең жақсы жолдардың қатарына жастарды жұмыспен қамту, іргелі ғылымдарға негізделген компаниялар мен интернет кеңістігіндегі экономика жатады» деді.

Исхақ Джаһангири сонымен қатар дін мен исламның ардақты пайғамбарының сүннеті және ирандық мәдениет пен өркениеттегі жастардың орнына тоқталып: «Жас буын – Иранның дамуы үшін ең жақсы мүмкіндік. Үкімет жастар үшін барлық мүмкіндікті жасайды» деді. 

 

Тегтер

Jan 27, 2018 21:43 Asia/Almaty
Сараптама