• Иранның солтүстік бөлігінде жауған қалың қар салдарынан мектептерде демалыс жарияланды

Иранның солтүстік бөлігінде жауған қалың қар салдарынан бүгін, жексенбі күні таңертең елдің солтүстігі, шығысы мен батысындағы облыстардың мектептерінің көбінде демалыс жарияланып, кеңселердің жұмысы кештетіліп басталды.

Теһран провинциясының губернаторы Иса Фархади Теһран облысындағы кеңселердің жұмысының бүгін сағат 10:00 басталатынын айтып: «Халық қоғамдық көліктерді пайдаланып, қаладағы кептелістің азаюына септігін тигізеді деп үміттенеміз»,-деді.

Теһранның білім және тәрбие басқармасы де қар жауып, бұрқасындатқанына байланысты Теһран қаласының барлық мектептерінде таңертеңгі ауысымда сабақ болмайтынын жариялады.

Теһран облысымен қоса, Иранның солтүстігі мен батысындағы облыстардың көбінде, соның ішінде  Қазвин, Альборз, Хамадан, Керманшах, Ардабиль облыстарындағы мектептерде қар жауып, мұз қатуына байланысты сабақ болмайтыны жарияланды.

Сонымен қатар, қалың қар жауып, бұрқасын соғып, қауіпті жағдай туындағанына байланысты Күре жолдар басқармасы Иранның солтүстігі мен батысындағы байланыс жолдарының кейбіреуін жауып, әуежайларды, соның ішінде  Имам Хомейни (р.) атындағы халықаралық әуежайдың  жұмысының тоқтатылғанын хабарлады.

 

Тегтер

Jan 28, 2018 15:31 Asia/Almaty
Сараптама