• Рухани: Иран халқы демократия мен  исламияттан кері қайтпайды

ИИР-ның президенті демократия мен исламиятты Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің жәдігері деп атап: «Иранның ұлы халқы осы екі принциптен ешқашан кері қайтпайды» деп қуаттады.

Хасан Рухани бүгін сәрсенбі күні таңертең Иран Ислам Республикасының салтанатты жеңісінің 39-шы жылдығы қарсаңында имам Хомейнидің қасиетті кесенесінде құзырға ие болып, тілшілерге берген сұхбатта: «БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінен Иранның тағдырының болашағын қарастыруды сұрайтын үстемшіл мемлекеттер Иран халқының ұлттық егемендікке, тәуелсіздік пен азаттыққа қол жеткізгенін, оларды сақтайтынын және Иран Ислам республикасын мәңгілік қорғайтынын жақсы түсінуі керек. Иранның ұлы халқының пікір білдіріп, сын айтып, тіпті наразылық білдіруіне ешкім тосқауыл жасай алмайды. Барлық басшылар халықтың талап-тілектеріне құлақ асуы керек» деді.

Рухани ислам, халық пен Иран елін үш негіз деп атап: «Иран халқы өзінің ұлттық бірлігін сақтаса, ешбір ел, тіпті ешбір алпауыт ел Иран халқының жолын өзгерте алмайды» деді. 

 

Jan 31, 2018 21:54 Asia/Almaty
Сараптама