• Рухани: Иран халқы дұшпандармен күресу үшін бұрынғымен салыстырғанда күштірек

ИИР президенті: "Иран халқы тәуелсіздігі, ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігін қорғап, дұшпандармен қарсыласу үшін бұрынғымен салыстырғанда күштірек"- , деп қуаттады..

Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Керман облысында орналасқан Сирджан қаласы тұрғындарының алдында сөйлеген сөзінде: "Иран халқы ешбір шетелдік алпауыт ел демеуші болмаған жалғыз революцияны жеңіске жеткізіп, ынтымақ пен жанпидалықтың арқасында барша алпауыт елдер қолдау көрсеткен, бақайшағына дейін қаруланған режимге табандылық көрсетті.

Иран халқы биліктің жүйе түрін дауыс беру арқылы таңдады. Бұл Иран үшін барша аймақ пен әлемде мақтан тұтарлық жағдай саналады. Себебі, халықтың құзыры, дауыс беруі мен сыны болмаса, даму жолынан өту мүмкін емес",- деді.

Рухани Иранды Таяу Шығыс аймағындағы ең қауіпсіз ел деп атап: "Иранның қазіргі қауіпсіздігіне халықтың бірлігі мен табандылығы және қауіпсіздік күштерінің арқасында қол жеткіздік» деді.

 

 

Тегтер

Feb 01, 2018 22:41 Asia/Almaty
Сараптама