• Рухани: Иран халқы – әлеуетті

Иран Президенті бейсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Керман облысының Сирджан қаласында бірнеше өндіріс және кен жобаларын іске қосу рәсімінде Иран халқының әлеуетіне тоқталып: «Ирандықтар кез келген жұмысты орындай алады.

Иран бұрын Еуропаға тек мұнай экспорттайтын, алайда қазір бидай мен болат та экспорттайды»,- деді. Иран Президенті қазіргі таңда Иранның үмітінің мол екендігін қуаттап: «Иран валюта мен алтын қоры тұрғысынан әлемнің 155 елінен жоғары»,- деп мәлімдеді.

Рухани Иранның беделінің артуына тоқталып, Иранның дамып жатқанын тілге тиек етті. Иран Президенті сонымен бірге Иран халқының қасиетті қорғаныс соғысы кезіндегі табандылығына назар аудартып: «Ислам революциясы мен қасиетті қорғаныс аймақ пен әлемнің таңғалдырарлық  оқиғалары болды»,- деді. Ол Ирандағы қауіпсіздікке тоқталып: «Қауіпсіздік – Алланың Иран халқына сыйлаған үлкен нығметі»,- деп баса айтты.

Иран Президенті бейсенбі күні бірнеше өндірістік жобаны іске қосу үшін Керман облысының Сирджан қаласына сапармен келген болатын.

 

 

 

 

Тегтер

Feb 02, 2018 21:42 Asia/Almaty
Сараптама