• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "АҚШ Ирандағы ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеп, діни биліктің негізін нысанаға алуды мақсат етіп отыр",- деді.

Аятолла Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "АҚШ діни биліктің қағидасына соққы беруді көздеп отыр. Бұл істің соңына шолу жасайтын болсақ, ол АҚШ-тың аймақта ДАИШ лаңкестік тобының билігін кеңейту қастандығы мен "Үлкен Таяу Шығыс" құру жоспары сәтсіздікке ұшырап, АҚШ-тың сол жоспарын өзімен бірге көрге әкетуіне себеп болады",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иранға қарсы стратегиясына байланысты: "Бұл стратегия атом қуатын тежеу, қорғаныстық қуат пен зымырандық әлеуетті азайту, Иранның Ливан Хезболласы мен палестиналық күрескерлеге қолдау көрсетуін тоқтату, Иранның "Үлкен Таяу Шығысты" құруына қарсылық білдірмеуін қамтиды. АҚШ бұл жайттардың барлығында сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс тапты. Иран Ислам Республикасы жүйесінің барлық жауапты тұлғалары "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты қайта келіссөздер жүргізу немесе оған өзгерістер енгізуге және қорғаныстық-зымырандық әлеуетті азайтуға қарсы болып, бірде-бір мемлекеттің бұл мәселелерге араласуына рұқсат бермейді",- деп баса айтты.

Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ АҚШ-тың аймақтағы стратегиясын сионистік режим қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде тынышсыздық тудыру деп атап: "Қазір АҚШ өзінің экономикалық және саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін ДАИШ-ты Ауғанстанның солтүстігіне көшіруде",- деді.

 

 

Тегтер

Feb 03, 2018 19:24 Asia/Almaty
Сараптама