• Рухани: Ислам революциясы аймақ пен әлем халықтарының тарихындағы теңдессіз оқиға болды

ИИР Президенті "Фаджр" онкүндігі және Ислам революциясының жылдығымен құттықтап: "Иранның Ислам революциясы өте маңызды тақырып әрі аймақ пен әлем халықтары тарихындағы теңдессіз оқиға болды",- деді.

Хасан Рухани Теһранда Иранның 10 облысында бір уақытта 10 мәдени және қасиетті қорғаныс орталықтарының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Иран халқы ешбір бөгде күш пен ешбір бөгде мемлекеттің көмегінсіз, өз халқының бірлігі мен жанкештілігіне сүйеніп, Ислам революциясы  мен қасиетті қорғаныс кезеңін жеңіске жеткізді. Қасиетті қорғаныс соғысы халықтың тек бір басқыншы режимге ғана емес, әлемнің бүкіл алпауыт елдеріне қарсы күрес болды",- деді.

Рухани ұлттық бедел мен Иранның тәуелсіздігін қорғауды баршаның міндеті екендігіне назар аудартып: "Иран бейбітшілікті талап етеді. Өзінің қорғаныс әлеуеті үшін ешбір елмен келіссөздер жүргізіп, келісімге келуді қажет етпейді. Иран елді қорғауға қажет кез келген қаруды заңдар мен Ислам революциясы жетекшісінің пәтуасы негізінде дайындайды, бірақ жаппай қырып-жоятын қару шығаруды көздемейді. Иран әрқашан өзінің қорғаныстық күшін қажет етеді. Елге қоқан-лоққы жасалған кезде өзінің қорғаныс күш-қуатын нығайтады. Өйткені, дұшпанға шабуыл жасаған жағдайда ауыр шығын көретінін түсіндіргісі келеді. Ирандық жауынгерлер өткен жылдары дос мемлекеттерде мұсылмандарды қорғау үшін жандарын қиды. Таңылған соғыстан шамамен 30 жыл өткенімен, аймақ пен әлемдегі дұшпандарға қарсы тұратын жанкештілік пен қарсыласу көңіл-күйі әлі жоғалған жоқ",- деп қуаттады.

 

 

Feb 04, 2018 23:54 Asia/Almaty
Сараптама