• Ирандық «Моһаджер-6» атты ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың тұсаукесер рәсімі өтті

Бүгін, дүйсенбі күні Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрінің қатысуымен «Ғаем» смарт бомбасымен жабдықталған ұшқышсыз басқарылатын «Моһаджер-6» тактикалық ұшақтарының жаппай өндірісі ашылды.

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатами «Моһаджер-6» тактикалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың жаппай өндірісінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Иран Ислам революциясының 39-шы жылдығымен құттықтап: «Иран дұшпанның жан-жақты санкцияларына қарамастан, қорғаныс саласында айтарлықтай әлеуетке қол жеткізді.  «Ғаем» смарт бомбасымен жабдықталған «Моһаджер-6» тактикалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың тұсаукесері – Иранның қорғаныс өнеркәсібінің маңызды жетістіктерінің бірі» деді.

Бригада генералы Хатами «Ғаем» смарт бомбасымен жабдықталған ұшқышсыз басқарылатын тактикалық «Моһаджер-6» ұшағының ең маңызды ерекшеліктерін атап: «Бұл мықты ұшақ қарулы күштерге бақылау, анықтау және жауынгерлік миссияларын кең ауқымды операциялық радиус пен төтенше сенімділікке ие жоғары биіктікте ұзақ ұшу арқылы атқарып, нысананы жоя алуы үшін мүмкіндік әзірлейді. «Моһаджер-6» ұшқышсыз басқарылатын ұшағы әскери жүк тиелімдерін тасу қабілетіне ие. Осы ұшақты қолдану қарулы күштерге ұзақ уақытта әуеден бақылау және әр түрлі уақыт пен әр түрлі жерден жоғары нақтылықпен нысананы жою мүмкіндігін қалыптастырады» деді. 

 

Feb 05, 2018 20:23 Asia/Almaty
Сараптама