• Рухани: Ислам революциясының жеңісі – тарихи және саяси мұғжиза болды

ИИР-ның президенті Иранның ислам революциясын тарихи және саяси мұғжиза деп атады.

Хасан Рухани бүгін, дүйсенбі күні Теһранда «Күре жол және қалаішілік тасымал көліктерін жаңарту және жұмыспен қамту жобалары» атты конференцияда сөйлеген сөзінде «Фаджр» онкүндігімен құттықтап: «Егер Иран халқының құзыры мен жанкештілігі, жанпидалығы, табандылығы мен қарсылығы болмағанда әлемдік барлық алпауыт елдер қолдау көрсеткен Паһлави режимін ислам революциясы жеңе алмас еді.

Ол кездері бүкіл әлем ислам революциясы жеңіске жетпеуі үшін біріккен болатын. Ислам революциясы әлемдік деңгейде жалпыхалықтық таңданыс тудырды. Себебі, ешкім діни тұлғаның, халық оның соңынан мешіттер мен хосейниелерде еретін адамның жетекшілігімен басталған қозғалыстың жеңіске жететіндігін, ол хазіреттің тәсілінен жеңіске қол жеткізілетіндігін елестете алмады» деді.

Рухани сонымен қатар Иранның шығыс жағындағы елдерде әлем мұсылмандарынан шамамен бір млрд адамның тұратындығына сілтеме жасап: «Ислам осы елдерге Иранның дарбазасы арқылы жетті. Себебі, Иран халқы ислам дінін ұстанып, оны тарату міндетіне ие болды» деді.

 

Feb 05, 2018 21:19 Asia/Almaty
Сараптама