• Рухани: Иран халқы үстемшіл елдердің қастықтарына қатаң жауап берді

Иран Ислам Республикасының президенті: «Үстемшіл елдер осы уақытқа дейін Иран халқына не жоспарласа да, жеңіліспен бетпе-бет келді. Халық өзінің ақылды құзырымен олардың қастықтарына қатаң жауап берді» деді.

Хасан Рухани бүгін, сәрсенбі күні үкімет мүшелерінің отырысында Иран халқын ақпан айының 11 күнгі шерулерге салтанатты түрде қатысуға шақырып: «Иран халқы ерік-жігер, бірлік пен ұлттық мүдде мен егемендікке табандылық танытып, Иран Ислам республикасына  жамандық тілеушілерге ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің жолының әлі жалғасып жатқанын дәлелдейді. ИИР мен исламдық Иранның халқы революцияның арман-мақсаттары жолында бұрынғыдан күштірек және шаттықпен қадам басады. Ақпан айының 11 күнгі үлкен шерулерге халықтың салтанатпен қатысуы ислам революциясы мен Иранның ұлы халқына жамандық тілеушілердің үміттерін үзеді» деп қуаттады.

Рухани Иранның аймақтағы қатерлі лаңкестіктің әсерімен күресіндегі жетістіктері мен  Американың БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі Иран халқына қарсы қастықтарына сілтеме жасап: «Америка үкіметі барлық саяси және экономикалық құдіретімен «Ортақ қадам» мәселесінде жеңіліс тапты. Иран халқы ақпанның 11 күнгі шерулерге салтанатты қатысуымен ислам әлемі мен Палестина және Құдсқа қарсы сансыз қастандық әрекеттерге қатаң жауап береді» деп баса айтты.

 

Feb 07, 2018 20:27 Asia/Almaty
Сараптама