• Рухани: Ислам революциясы – Иран тарихындағы маңызды оқиға

ИИР-ның президенті «Революциядан бұрынғы кезең Иран халқы үстемшіл, озбыр елдер тарапынан қорлық көрген кезең болды. Ислам революциясының жеңісі ирандықтардың ғиззаты мен ұлттық болмысын қалыптастыруға негіз қалады» деді.

Хасан Рухани бүгін «Жыл кітабы» номинациясының 35-ші ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Иранның ислам революциясы халықтың дауысы мен ой-пікіріне, ирандықтардың діни және ұлттық болмысына ғиззат сыйлады.

Осы үлкен өзгерісте кітап, жазба мұралары мен сөз өте маңызды рөл атқарып, Иран мәдениеті мен өркениетін жаңа әлемге енгізді.  Исламның келуі Иран өркениеті мен ислам революциясындағы, сонымен қатар Иран тарихындағы маңызды кезең болды. Ертеңгі әлеммен адамзаттың ой-пікірі арқылы байланысуға болады. Сөз жазба мұраға айналған кезде ой сақталады» деді.  

 

Feb 07, 2018 21:29 Asia/Almaty
Сараптама