• Рухани: Түркиямен қарым-қатынасты кеңейту – Иранның аймақтық саясатындағы маңызды бағыт

ИИР Президенті көршілес елдермен, әсіресе Түркиямен достық қарым-қатынасты кеңейтудің Теһранның сыртқы және аймақтық саясатындағы маңызды бағыт екенін айтты.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Теһранда Түркияның Сыртқы істер министрі  Мевлюд Чавушоғлымен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық байланысында 30 млрд долларға жету үшін талпыныстар жасау қажеттігін айтып: "Екі елдің сауда айналымында ұлттық валюталарды пайдалану және екіжақты келісімдердің орындалуын жылдамдатуға талпыну үшін Теһран мен Анкара арасында банктік қарым-қатынасты дамыту өзара экономикалық байланыстарға көбірек серпін беруге себеп болады",-деді.

Рухани, сондай-ақ, Ресейдің Сочи қаласында өткен үшжақты отырысты аймақтық қиыншылықтарды шешу жолындағы маңызды қадам деп атап: "Қуанышымызға орай, бүгінде Иран, Түркия мен Ресейдің  аймақтық деңгейдегі үшжақты қарым-қатынасы аса маңызды әрі әсерлі болып отыр. Қазіргі жағдайда Сирияның дағдарысын шешу үшін кеңесіп, әріптестіктді одан ары жалғастыру қажет",-деді.

Мевлюд Чавушоғлы да осы кездесуде Иран мен Түркияның аймақтық және халықаралық қарым-қатынасы мен әріптестіктерін нығайтуды маңызды деп атап: "АҚШ-тың аймақта жаңа қастандық ұйымдастырудағы негізгі мақсаттарының бірі – Иран мен Түркияның даму үстіндегі достық қарым-қатынасына теріс әсер ету. Бұған керісінше, біз аймақтық мәселелерді, әсіресе Сирия дағдарысын шешу жолында өзара әріптестігімізді одан ары жалғастыруымыз  керек",-деді.

 

Feb 08, 2018 16:36 Asia/Almaty
Сараптама