• Ислам революциясы – иман, джиһад пен шаһадаттың символы

Иранның Ислам революциясы ірі өзгерістердің бастауы болды. Бұл өзгеріс джиһад пен шаһадаттың мектебіне сүйеніп басталып, қиындықтар мен жанпидалықтармен шыныға түсіп, нығайды.

Иранның революцияшыл халқы шах режимімен күрес жылдарында қайтпас қайсар рух пен табандылықты көрсетті. Тіпті, ең ауыр азаптаулар, қудалаушылықтар мен өлімге кесулер бұл халықтың иманы мен сеніміне сызат түсіре алмады.

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі барлық жылдары Ислам мен Иранның мерейін арттыру жолында қатерге бас тіккен рух пен революцияның армандары үшін жанпидалық әрдайым сол халықтың мығым тірегі болды.

Иран халқы шынайы джиһадқа деген терең сеніммен 8 жыл бойы дұшпан таңған соғысқа төзді. Бұл дұшпан барлық алпауыт елдердің қолдауына ие болып, ең дамыған қару-жарақтарды пайдаланып, соғыс майданында тоқтаусыз әрекет етті.

Ирандық жауынгерлер осы соғыс алаңдарында батырлық майданын тудырды. Олардың батырлықтары қазіргі заманда теңдессіз болып, тарихта мәңгіге қалды.

Шын мәнінде бұл революция немесе илаһи иман мен жоғары адамдық құндылықтарды қайта жандандыру діни және гуманистік жоғары арман-мақсаттар мен құндылықтар жолында беріктік, қарсыластық мен шаһадаттың үлгісі болды. Әділет талап еткен халықтар үшін азаттық, әділет пен теңдіктің жаршысы болды. Ислам революциясының көшеті жергілікті және діни мәдениеттің тамырымен туған жерге егіліп, кейін мыңдаған мәдени шара осы көшетті суаруға  жағдай жасады.

Осы тұрғыдан 39 жыл өткенімен, революция ағымы зорлықшылдарға қарсы тұрып, Ислам революциясының көшеті алып ағашқа айналды. Осы алып ағаштың жанға жайлы саясы пікірлес елдерге де жайылып, исламдық және жергілікті идеология негізінде ислам әлемінің оянуына септігін тигізді. Иранның мәдени көкжиегіндегі мақсат әлемнің азаттық сүйгіш халықтарына мәдени тұрғыдан революцияның жолдауын тарату болып табылады. Бұл революцияның динамикалық қуаты сақталып, құндылықтар мен армандарға берік болып қалуы шәһид болу, джиһад жасау және еселене талпыныс жасау рухының арқасында орын алғаны күмәнсіз. Бұл талпыныстар Ислам революциясының мәдениеті мен диалогына айналды.

Майкл Фишер "Иран: діни дискуссиядан революцияға дейін" атты кітабында мына жайтқа тоқталды: Иранда революцияның орын алуына саяси-экономикалық себептер түрткі болғанымен, революцияның қалыбы мен орын алған жері көп жағдайда діни дәстүр бойынша наразылық білдірудің нәтижесі болды. Бұл автор мен басқа жазушылардың сенімінше, шахтың саяси-экономикалық шараларының  қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарына теріс әсері өте жоғары болды. Иран қоғамында азаттықтың жоқтығы да қатты сезілді, бірақ халық арасындағы өзгеріс шиіттік революциялық мәдениеттің арқасында орын алды. Осы мәдениет революцияның қалыптасып, жеңіске жетуіне себеп болды.

Егер бүгін революция мен исламдық жүйені қорғаушылар Иранның шекарасынан тыс жерлерде лаңкестермен қылмыскерлерге қарсы ерлікпен күресіп жатса, "Қасиетті кесенелерді қорғаушылар" Сирияда ДАИШ-пен күрестің алдыңғы шебінде тұрып, шәһид болып жатса, бұл Қасиетті қорғаныс кезіндегі құндылықтардың әлі күнге дейін сақталғанын көрсетеді. Мохсен Ходжаджи сияқты шәһидтер осындай ортадан өсіп шыққан.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен маусым айында  Қасиетті қорғаныс жылдарына қатысты мәдени бағдарламаларды ұйымдастырушылар, өнерпаздар, қолбасшылар мен жауынгерлермен кездесуінде Қасиетті Қорғаныс кезінің материалдық және адам шығыны болғанымен бүгін мен болашаққа маңызды әсерлерін қалдырғанын айтып: "Қоғамда революциялық рухтың нығаюы мен революцияның сақталып қалуы –  сол кездің әсерлерінің бірі. Егер сол джиһадтық және жанпидалық әрекет болмағанда революциялық рухқа қатер төнер еді",-деді.

 

Тегтер

Feb 08, 2018 17:03 Asia/Almaty
Сараптама