• Рухани: Иран Әскерінің әуе күштері АҚШ-тың барлық қастандық әрекеттерін залалсыздандырды

ИИР президенті: "Иран Әскерінің әуе күштері Ислам революциясының жеңіске жетуі кезінде АҚШ-тың барлық қастандық әрекеттерін залалсыздандырды",- деді.

Хасан Рухани "Фаджр" онкүндігімен және он тоғызыншы баһманды "Әуе күштерінің күні" деп аталуымен құттықтап: "Иран Әскері әуе күштерінің х.ш.ж.с.б 1357 жылы (1979 ж.) ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің билігін мойындаған маңызды әрекеті шіріп біткен режимге қарсы соңғы әрі шешуші соққы жасады.

Иран Әскері әуе күштері қызметкерлерінің имам Хомейнидің билігін мойындауы жеңіске жетуге үміт сыйлап, АҚШ-тың қастандық әрекеттерін залалсыздандырып, ислам революциясын басып-жаныштауды қалаған күштерге қарсы табандылықпен күресті.

Иран Қарулы күштері мен әскерінің барлық күштері Ислам революциясының жеңіске жеткен күндері ауыр күндерді бастан өткізді, алайда соңында халыққа қосылып, ислам революциясының жеңіске жетуіне көмектесу арқылы сынақтан сүрінбей өтті",- деді.

 

 

Feb 08, 2018 20:05 Asia/Almaty
Сараптама