• Революция жетекшісі: Биылғы 22-ші баһман шеруі бұрынғыға қарағанда керемет өтеді

Ислам революциясының жетекшісі Алланың күндері мен Ислам революциясының маңызды күндерін жүйенің күшейіп, нығаюының өзегі деп атап: "Илаһи рақыммен биылғы 22-ші баһман бұрынғыға қарағанда керемет өтеді",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б 1357 жылы баһманның он тоғызы Әуе күштері ұшқыштарының имам Хомейнидің билігін мойындау рәсімінің жылдығымен бір мезгілде Әскердің Әуе күштері мен Әуе қорғаныс базасының бір топ қолбасшылары және қызметкерлерін қабылдауында: "Биыл АҚШ пен одан тыс елдердің кейбір басшыларының бос сөздеріне байланысты халық дұшпан тасада тығылып,  қастық жасауды көздеуде деп сезіп отыр. Сондықтан, илаһи күштің арқасында халықтың биылғы 22-ші баһман шеруіне қатысуы бұрынғыға қарағанда ауқымдырақ әрі шаттыққа толы кеңістікте өтеді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі ислам революциясын тірі ақиқат деп атап, революцияның бүгінгі күш-қуатының алғашқы күндерге қарағанда көбірек екенін баса айтып: "Бүгінгі революцияшылдар революцияның алғашқы күндеріндегі төңкерісшілермен салыстырғанда әлдеқайда табанды, көзі ашық, қырағы. Сол себепті революция ілгерілеп, жетіле түсті", - деді.

Ислам революциясының жетекшісі сонымен қатар халықаралық деңгейдегі зұлымдық пен жемқорлыққа қарсы тұрып, оны айыптауды негізгі саясаттардың бірі деп атап: "Бүгінгі таңдағы әлемдегі ең залым және ең рақымсыз тіпті ДАИШ мүшелерінен де қатыгез АҚШ үкіметі саналады",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи ДАИШ-ты америкалықтардың өзі құрғанын және АҚШ-тың қазіргі президенті өзінің сайлауалды науқаны кезінде осы мәселеге сілтеме жасағанын еске салып: "Америкалықтар ДАИШ-ты құруымен қоса оларға қолдау көрсетіп отырды. Бірақ, АҚШ үкіметі халықаралық үгіт-насихаттарында адам құқықтары, мазлұмдар мен жануарлардың құқықтарын қолдайтыны туралы уәж айтады. Бірақ шындықты айтып, олардың шынайы бет-бейнесін әшкере ету керек",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі 70 жылдан бері Палестина халқына қарсы зұлымдық жасап, Йемен халқын өлтіріп, оларға қарсы қатігездіктерге қолдау көрсетуді америкалықтар жасаған сұмдық әрекеттердің айқын мысалдары деп атап: "Йеменнің инфрақұрылымдары мен бұл елдің мазлұм халқы күн сайын АҚШ-тың одақтастарының америкалық қару-жарақтары арқылы бомбаланып жатыр. Алайда АҚШ үкіметі бұған ешқандай наразылық білдірмей, бұл жағдайға мән беріп отырған жоқ. Бірақ, өзі металлдың бірнеше сынығын көрсетіп, бар арсыздығымен "Иран Йеменге зымыран жіберді" деген дәлелсіз уәж айтып отыр",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақ мәселелеріне байланысты араласуы мен табандылығынан бір мысал келтіріп: "Батыс Азия аймағындағы қарсыласу мәселесіне қатысты америкалықтар қарсыласу қозғалысын тамырымен жоюды көздеді. Бірақ біз табандылық көрсетіп, "АҚШ бір нәрсені қалап, оны жүзеге асырды; біз бір нәрсені қалап, бірақ іске асыра алмадық" дегенді бүкіл әлемге дәлелдеуге рұқсат бермейміз",- деді.

 

 

Тегтер

Feb 08, 2018 20:46 Asia/Almaty
Сараптама