• Лариджани: 22 бахман барлық ирандыққа тиесілі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы бейсенбі күні Иранның орталық бөлігінде орналасқан Исфахан қаласында сөйлеген сөзінде 22 бахманның барлық ирандыққа тиесілі екенін айтып: "Иран Ислам революциясы елдің тәуелсіздікке қол жеткізіп, дұшпандардың аластатылуына себеп болды",-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани: "Әлемдегі көптеген елдердің басшылары мен көрнекті тұлғаларының мойындауынша, 22 бахман – маңызды күндердің бірі, өйткені бұл күні әлемдік деңгейдегі үлкен өзгеріс жасалды.

Иранның ұлы халқы өткен жылдардағыдай 22 бахман шеруіне ықыласпен қатысатын болады",-деді.

Сонымен қатар ИИР армиясының бас қолбасшысы да бейсенбі күні кешке ирандықтардың жыл сайын  22 бахман шеруіне жаппай қатысатынын айтып: "АҚШ Президенті Дональд Трамп  осы күні Ислам революциясының бастау алған жерінің Иран екенін түсінеді",-деді.

ИИР армиясының бас қолбасшысы, сондай-ақ,  АҚШ-ты әлемнің ең ірі ұрлықшысы деп атап, бұл елдің зұлымдық, зорлық-зомбылық пен айла-шарғыға толы екенін қуаттады.

 

Feb 09, 2018 21:01 Asia/Almaty
Сараптама