• Джахангири: Иран халқы 22 бахманда дұшпандарға мықты жауап береді

ИИР Вице-президенті бейсенбі күні 22 бахманның қарсаңында Иранның батысындағы Эламда: "Иранның ұлы халқы 22 бахманда дұшпандарға мықты жауап береді",-деді.

Исхақ Джахангири: "Имам Хомейни діннің рөлі төмендеген қоғамда Иран Ислам революциясын дінге сүйеп, жеңіске жеткізді. Иранның ұлы халқы революциялық күрес пен исламдық республиканың орнауы жолында өз имамымен тығыз байланыста болды. Бүгінде осы адалдықты Ислам революциясының жетекшісіне білдіріп отыр",-деді.

Джахангири, сондай-ақ, дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың Иранда тынышсыздық тудырып, Иран халқының дамуының алдын алу үшін жасап жатқан талпыныстарына тоқталып: "Ешбір қиындық пен алпауыттың Иранға зиян тигізуге шамасы жетпейді, өйткені Иран халқы мен Ислам революциясының жетекшісінің,  халық пен үкіметтің, халықтың өз арасында терең әрі тығыз байланыс орнаған",-деді.   

Feb 09, 2018 21:55 Asia/Almaty
Сараптама