• Эмад Моғниенің қаны үшін қысас сионистік режимнің көзін жою дегенді білдіреді

Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани: "Эмад Моғниенің төгілген қаны үшін қысас бір зымыран атып, бір сионисті өлтірумен шектелмейді. Израильдің қастандығымен Палестина, Ливан мен Иранда шәһид болған адамдардың құнын қайтару бала өлтіргіш сионистік режимнің көзін құрту болып табылады",- деді.

«Резван қажы» деген атпен танымал Эмад Моғние – 2008 жылы ақпанның он екісі күні Сирияның астанасы Дамасктегі лаңкестік амалдар кезінде сионистік режимнің Барлау ұйымы - Моссад мүшелері тарапынан шәһид болған Ливан Хезболласының әскери қолбасшыларының бірі.

Генерал-майор Ғасем Солеймани Эмад Моғниенің шәһид болуының оныншы жылдығына арналған Теһранда өткен рәсімде: "Бүгінде Газа секторы мен Ливан Израиль режимі үшін алаңдаушылық тудыратын мекендер саналады. Палестинадан атылған әрбір зымыранынан Эмад Моғниенің саусағының ізін көруге болады.

Эмад Моғние палестиналық топтарды қарсыласу орталығымен байланыстырып, ХАМАС-ты күшейтіп, Палестина азаттығы үшін күресуші халықтық майданды жұмылдырып, Газа секторын алынбайтын қамалға айналдырды.

Сионистік режимнің әрекеттері бұл режимнің тұрақсыздығын көрсетті. Бұл режимнің қазіргі тудырып отырған үрейі, сергелдеңге түсуі мен құтырған шабуылдары дұшпанның соңғы талпыныстарының белгісі саналады",- деді.

 

 

Feb 16, 2018 08:05 Asia/Almaty
Сараптама