• Рухани Үндістан халқына Иран халқының достық және бауырластық жолдауын жеткізеді

ИИР президенті Үндістанның ұлы халқына Иран халқының достық және бауырластық жолдауын жеткізетінін мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР президенті Хасан Рухани Үндістанның Телангана облысының Хайдарабад қаласында бір топ мұсылман үлемдердің алдында сөйлеген сөзінде екі халық арасындағы көптеген тарихи және мәдени ортақтастықтарға тоқталып, Иран мен Үндістанның қатынастарын саяси-экономикалық қатынастардан да биік деп бағалап: "Діндер жақсылық пен ізгіліктерді таратып, жамандықтардың көзін жою үшін пайда болды. Сондықтан, діни үлемдер мен мұсылмандардың исламның жолдауын таратудағы міндеті өте маңызды",- деп баса айтты.

ИИР президенті Иран халқының жолдауы Үндістанның ұлы халқымен достық және жақын қатынас орнату екенін баса айтып: "Иран Үндістанмен барлық салада тығыз әрі жақын қарым-қатынас орнатуды қалайды",- деді.

Иранның атқарпушы билігінің басшысы отаршылдардың мұсылмандар арасында алауыздық тудыру мақсатында мазхабтарды теріс пайдалану мақсатындағы талпыныстарына тоқталып: "Ислам тұрғысынан жер бетінде жақсылық орнатып, жамандық мен зұлымдықты жою үшін барша Құран мен Ислам пайғамбарына жүгінуі керек",- деді.

 

 

Тегтер

Feb 16, 2018 19:10 Asia/Almaty
Сараптама