• Теһран-Ясудж ұшағының қаңқасы табылды

Иран Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің тікұшақтары Дена тауларынан ұшақтың қаңқасын тапты.

Сақшылар корпусының баспасөз хатшысы Рамазан Шариф: "Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің тікұшақтары бүгін, сейсенбі күні таңертең таулардың арасынан "Асеман" компаниясы ұшағының қаңқасын таптыы.

Бүгін таңертеңнен бері ауа райының жақсаруына байланысты зерттеу жұмыстары жалғасып, Теһран-Ясудж ұшағының бөлшектерін анықтау үшін тікұшақтар 3500 метрден артық биіктікке көтерілді. Өткен екі күні қар жауып, қалың тұман орнап, ауа райының қолайсыздығы салдарынан  зерттеу жұмыстары төмен биіктікте жүргізілді» деді.

Осыдан екі бұрын  60 жолаушысы мен 6 экипаж мүшесі бар ATR ұшағы таңертең сағат 08:00-де Мехрабад әуежайынан ұшып шығып, 50 минуттан кейін қолайсыз ауа райына байланысты Дена тауына соғылып, апатқа ұшыраған болатын.

 

 

Feb 20, 2018 19:16 Asia/Almaty
Сараптама