• Швеция елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні кешке Иранда қамауда отырған тыңшыға швециялық азаматтық берілуіне байланысты Теһрандағы Швеция елшісінің шақыртылғаны туралы хабарлап: .

«Қауіпсіздік мәселесіне байланысты айыпталған Ахмад Реза Джалалиге Швеция үкіметінің азаматтығын беру әрекетінен кейін Теһрандағы Швеция елшісі кеше дүйсенбі күні консулдық қызметтің бас директоры арқылы Иранның Сыртқы істер Министрлігіне шақыртылды. Кездесуде Швеция елшісіне сионистік режимнің Моссад ұйымы үшін тыңшылық жасағаны мен ирандық ғалымдарды өлтіруге қатысқанын мойындаған адамға Швецияның азаматтығын бергені үшін ИИР үкіметінің наразылық нотасы тапсырылды",- деді.

Теһран Прокуроры Аббас Джафари Доулатабади 2017  жылдың желтоқсан айының 25 күні Ахмад Реза Джалалидың сегіз рет бөгделердің тыңшылық қызметтері өкілдерімен кездескенін мойындағанын жариялаған болатын.

Ахмад Реза Джалали 2016 жылдың сәуір айында тыңшылық жасағаны үшін айыпталып, Теһранда құрықталып, абақтыға қамалды.

 

 

 

 

Feb 20, 2018 19:25 Asia/Almaty
Сараптама