• Рухани: Астана мен Сочи келіссөздері Сирияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне үміт сыйлады

ИИР Президенті дүйсенбі кешке телефон арқылы Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен сөйлесіп, Иран, Түркия және Ресейдің аймақтың, атап айтқанда лаңкестікке қарсы күресу мен Сирия дағдарысын шешу мәселелеріне қатысты үшжақты ынтымақтастықтары мен кеңесулерін оң әрі әсерлі деп бағалап, белгіленген мақсатқа жету үшін талпыныстарды жалғастырып, Теһран-Анкара-Мәскеу келіссөздері мен ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттілігін қуаттады.

ИИР Президенті дүйсенбі күні кешке Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен телефонмен сөйлесіп, Иран, Түркия және Ресейдің аймақтың, соның ішінде лаңкестікке қарсы күрес пен Сирия дағдарысын шешу мәселелеріне қатысты үшжақты ынтымақтастықтары мен кеңесулерін оң әрі әсерлі деп бағалап, белгіленген мақсатқа жету үшін талпыныстарды жалғастырып, Теһран-Анкара-Мәскеу келіссөздері мен ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани  лаңкестікпен күрес, Сирияны лаңкестік топтардан босату және аймақты бөлшектеу әрекеттеріне қарсы тұруды Иран мен Түркияның ортақ мақсаттары деп атап: "Қазіргі таңда аймақты бөлшектеп, тәуелді үкіметтерді билік басына әкелу мақсатындағы қастықтар іске асырылмақ. Сондықтан, қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықтарды жою үшін  жан-жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуге талпыныс жасау қажет",- деді.

ИИР Президенті Иран, Түркия және Ресей президенттері мен басқа қайраткерлерінің Астана мен Сочидегі Сирияның қауіпсіздігі туралы келіссөздерін үміт тудырған келіссөздер деп бағалап: "Үш ел басшыларының келіссөздері мен кеңесулерінің жалғасуымен бұл сындарлы үдеріс одан әрі кеңеюі түсуі керек",- деді. Рухани сондай-ақ АҚШ пен сионистік режимнің аймақ елдеріне қарсы қастандықтарына тоқталып: "Иран мен Түркия аймақ пен әлем мәселелерінде ортақ мақсаттарды көздейді. Осыған орай Астана келісімдерін іске асыру саласындағы ынтымақтастықтарды арттыруға талпыныс жасаған жөн",- деді.

Реджеп Тайып Эрдоған да телефон арқылы орын алған сұхбатта Түркия күштерінің Африн аймағында  орналасуының себебі туралы есеп беріп, Анкараның Сирияның территориялық тұтастығын сақтауды аймақтың барлық елдерінің мәселесі санайтынын ескертті.

 

 

Feb 20, 2018 19:37 Asia/Almaty
Сараптама