ИИР президенті "Ортақ қадам" бағдарламасын нығайтып, оны жүзеге асырудың Еуропа одағы мен Иран қатынастарын жеңілдететінін айтып: "Барлық тараптар "Ортақ қадам" негізіндегі міндеттемелеріне берік болып, жүзеге асыруы тиіс",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда Испания Сыртқы істер министрі Альфонсо Дастиспен кездесуінде келісімге қол қойып, оны жүзеге асырғаннан кейін қайта айтысып, қайтадан келіссөз жүргізудің себебі жоқ екендігіне тоқталып: "Қарсы тарап "Ортақ қадам" келісіміне сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін Иран оған берік болады",- деді.

Рухани аймақтық қауіпсіздік, Йемендегі халықты өлтіру мен ондағы қақтығыстарды тоқтату және лаңкестікпен күресті Иранның Еуропа одағымен оң ынтымақтастықтарына негіз бола алатын маңызды мәселелердің қатарында атап: "Йемендегі ушыққан жағдай тезірек аяқталып, бұл елдің шекаралары гуманитарлық көмек жіберуге ашылуы үшін барша көмектесуі қажет",- деді.

Испания СІМ Альфонсо Дастис Иранды аймақтағы қуатты әрі ықпалды ел деп атап, Еуропа одағының "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруды толығымен қолдауы қажеттігін қуаттап: "Испания мен Еуропа одағына мүше елдер үшін Иранмен қатынасты кеңейту аса маңызды. Сондықтан "Ортақ қадам" келісімін жүзеге асыруды жалғастыру арқылы осы қатынастарды нығайтуға болады",- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер

Feb 21, 2018 23:17 Asia/Almaty
Сараптама