• Құмда бахрейндік үш жас жігіттің жерлеу рәсімі өтті

Халифе әулеті режиміне қарсы көтеріліске шыққан Бахрейннің үш азаматының жерлеу рәсімі жұма намазынан кейін Құм қаласында өтті.

Халифе әулеті режимінің күштері өткен аптада төрт бахрейндік жас азаматты өлтіріп, өз қылмыстарын жасыру үшін олардың мүрделерін теңізге лақтырған болатын. Олардың үшеуінің мүрдесі Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысының жағалауына жетіп, табылды.

Құм қаласында Сейіт Ғасем Халил Дарвиш, Мейсам Әли Ибраһим және Сейіт Махмуд Сейіт Адел Казем атты үш бахрейндік жас жігіт жерленді. Жерлеу рәсіміне қатысушылар қолдарына Бахрейннің танымал діни жетекшісі шейх Иса Ғасем мен осы елдің басқа да шәһидтерінің суреттерін көтеріп жүрді.

Бахрейндік жастардың жерлеу рәсіміне қатысушылар "АҚШ-қа өлім!", "Израильге өлім!" деп ұрандатып, әлемдік үстемшілдіктің жалдамалыларының аймақта жасаған қылмыстарын айыптады.

 

 

Feb 24, 2018 16:53 Asia/Almaty
Сараптама